Басты бет / «Winter star» байқауы туралы
«Winter star» байқауы туралы

2021 жылдың 14 желтоқсаны   күні “English speaking club” клубының ұйымдастыруымен «Winter star» атты байқауы @english_kazatu Instagram парақшасында өтті.

Байқауға университетіміздің ВжМШТ факультеті, Техникалық факультеті, КЖ және КБ факультеті мен Агрономиялық  факультеттерінің 1,2,3 курс студенттері қатысты.

Байқау тәртібі бойынша әр қатысушы «Winter star» тақырыбында ағылшын тілінде өлең оқып, өздерінің Instagram парақшасына english_kazatu Instagram парақшасына белгілеп салған студенттерді  қарап әділқазы алқасы бағасын берді.

Байқау қорытындысы бойынша төмендегі студенттер марапатталды:

I орынды – КЖ және КБ факультетінің 3 курс студенті М.Шахман;

II орынды – ВжМШТ факультетінің 2 курс студенті С.Нурсеитова;  

III орынды –Техникалық факультетінің 1 курс студенттері Р. Еркінбек иеленді.