Басты бет / Рухтастар жастар сыйлығы - 2023 жеңімпаздары анықталды
Рухтастар жастар сыйлығы - 2023 жеңімпаздары анықталды

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті   ВжМШТ факультетінің студенті, «Жастар Рухы» ЖК бөлімшесінің төрағасы Ибраев Шерхан Қанатбекұлы жыл белсендісі атанып «Белсенді рухтас» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.

 «Рухтастар» Республикалық жастар сыйлығын табыстау кеші әр жыл сайын өткізіліп отыратын, еліміздегі белсенді жастарымыздың еңбегі мен жетістіктерін бағалап, мықтылардың ең мықтысын анықтайтын жылдың қорытынды кеші болып табылады.

Осындай кештің куәсі болып көптеген лауазымды тұлғалар Нартай Аралбай, Асхат Аймағамбетов, Ләйла Сұлтанкызы сынды мәжіліс депутаттары мен құрметті  қонақтар бой көрсетіп, марапаттарды табыстады. Елордамыздың белсенді жастары да қалыс қалмай, қолдау көрсетіп, кештің көңілді етуіне өз үлестерін қосты. Сондай-ақ, кеш қонақтары, жастар арасындаты танымал әншілер Dake және Тұрар өз өнерлерін паш етті.

Біз өз кезегімізде, Шерхан Ибраевты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Биік шыңдардан көріне беріңіз, алар асуыныз көп болғай!