Басты бет / «Көшбасшы» клубының ұйымдастыруымен ЕҰУ мен ҚАТЗУ арасында тәжірибе алмасу сұхбаты өтті
«Көшбасшы» клубының ұйымдастыруымен ЕҰУ мен ҚАТЗУ арасында тәжірибе алмасу сұхбаты өтті

2023 жылдың 3 қараша күні  «Көшбасшы» клубының ұйымдастыруымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті клубтар қауымдастығының төрағасы Темірлан Шәкіржановпен ашық сұхбаттасу өтті. Сұхбаттасуға «Көшбасшы» клубының мүшелері қатысты. Темірлан Шәкіржанов өзінің тәжірібесімен бөлісіп, клуб мүшелері арасында қарым-қатынас орнату және көшбасшылық қасиеттері туралы айтып шықты.