2024 жылғы 29 қарашада С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде, «Кәсіптік білім беру» кафедрасында «Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша)» кадрларды даярлау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің, Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің ресми ашылуы ұйымдастырылды және өткізілді. Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің бірінші кеңейтілген отырысы «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында кәсіптік оқыту педагогтерін даярлаудың қазіргі заманғы үрдістері» тақырыбында өткізілді. Бұл отырыстың модераторы РОӘК ОӘБ төрағасы, Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент Абишева Роза Жанысбекқызы болды.
Мәжілісте құттықтау сөзін сөйледі:
– РОӘК ОӘБ төрағасы, Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор, т.ғ.к., доцент Абишева Роза Жанысбекқызы;
– ҚР ҒжЖБМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы, т.ғ.к. - Көбенова Гүлзат Ізбасарқызы;
– ҚР ҒжЖБМжоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары, п.ғ.к. - Джарасова Гульжан Сағидуллақызы;
– Янки Купалы атындағы Гродно мемлекеттік университетінің (Беларусь) «Педагогика және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор - Тарантей Виктор Петрович;
Отырыс барысында келесі баяндамалар тыңдалды:
- Абай атындағы ҚазҰПУ Академиялық қызмет жөніндегі проректоры, т.ғ.к., Нарбекова Бану Мұқатайқызы «Елдің бәсекеге қабілетті экономикасы мен үдемелі ілгерілеуі үшін инженерлік-педагогикалық кадрларды даярлау» тақырыбында;
- Жоғары білім беруді дамыту Ұлттық орталығы, жоғары білім мазмұнын басқару офисінің басшысы, ф-м.ғ.к. Мухамбетова Амина Ақзатқызы «Кәсіптік оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын талдау» тақырыбында;
- «Talap» КеАҚ, Стратегиялық даму, жиынтық талдау және мониторинг басқармасының бастығы, п.ғ.к., доцент Далабаев Жанат Қуанышбайұлы «ТжКБ жүйесінде кадрларды қамтамасыз ету: қазіргі жағдайы, негізгі проблемалары және шешу жолдары» тақырыбында;
- «Л.Н. Гумилева атындағыЕуразия ұлттық университеті» КеАҚ, педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры., п.ғ.к. Албытова Назымгүл Пышақбайқызы «Мамандықтың мәні заманауитенденция ретінде» тақырыбында;
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Иллинойс Урбана - Шампейн университетінде (АҚШ) «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан «6D012000-Кәсіптік оқыту» БББ докторант-түлектеріне, Бермухамбетова Ботагөз Болатқызы мен Ахметжанова Гүлдерай Әділханқызына сөз берілді.
Баяндамаларды тыңдағаннан кейін отырысқа қатысушылар техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында кәсіптік оқыту педагогтерін даярлау бойынша өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасты.
«Кәсіптік білім беру» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент, РОӘК төрағасының орынбасары Есекешова Марал Дүйсенейққызы қорытынды сөз сөйлеп, ол отырысқа қатысушылардың барлығына белсенділік танытып жемісті жұмысы жасағандары үшін алғысын білдіріп, ОӘБ қызметінің алдағы жоспарымен таныстырды.
.png)
.png)
.png)
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.