Онлайн-семинарларға «А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Қазақ орман және агроорман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, және «Солтүстік Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясы » ЖШС ұжымдары белсенді қатысты.
С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ-дың заң бөлімінің бастығы М.Б. Даутова өз сөзінде 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаның негізгі бағыттары туралы айтып, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыруға бағытталғанын атап өтті. Біздің еліміз мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді әлемдік стандарттарға сәйкес институттары мен тетіктерін құру бағытары мен мақсатты және кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келе жатқандығы баяндады.