Басты бет / «Break Dance» бағыты бойынша шеберлік сағаты өткізілді
«Break Dance» бағыты бойынша шеберлік сағаты өткізілді

2021 жылдың 20 қазаны күні  «Arrow crew» клубының ұйымдастыруымен «Break Dance»  бағыты бойынша шеберлік сағаты өткізілді.

Шеберлік сағатқа 1- курс студенттерімен «Arrow crew» клубының  үздігі С.Тайғанов қатысты.

С.Тайғанов студенттерге өзінің университет табалдырығында жүріп қазіргі заманауи би элементтерін меңгергені жайлы ой бөлісіп, байқауға биді қалай дайындау керек екенін айтып, бейне-баяндар арқылы көрсетіп,  сонымен  қатар заманауи биүнемі ізденісті қозғалысты, жаңашылдықты талап ететін өнер екенінде түсіндірді.

Шара соңында студенттер қызықтырған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.