Басты бет / «Көшбасшы қандай болу керек?» пікір талас тақырыбында факультетаралық пікір-талас сайысы өтті
«Көшбасшы қандай болу керек?» пікір талас тақырыбында факультетаралық пікір-талас сайысы өтті

2022 жылдың 14 қаңтары  күні «Көшбасшы» танымдық клубының  ұйымдастыруымен ZOOM қосымшасы арқылы «Көшбасшы қандай болу керек?» пікір талас тақырыбында факультетаралық пікір-талас сайысы  өтті.

Пікір талас сайысына университеттің әр  факультеттеінен құралған 10 студент қатысты.

Пікір талас III кезеңнен тұрды:

1.      Таныстыру

2.      Сұрақ-жауап

3.      «4 сурет 1 сөз» номинациясынан

Қатысушыларымызға нөмер сандары беріліп, сол нөмер сандары бойынша кезек-кезекпен таныстырылды.Сұрақ-жауап айдарында  көшбасшылар туралы сұрақтарға жауап берді, ал  «4 сурет 1 сөзде» қатысушыларымызға экранда көрсетілген суреттер арқылы сұрақтар қойылып  сайыс тартысты өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша, төмендегі студенттер клуб атынан сыйлықтармен марапатталды:

I орынды ВжМШТ факультетінің студенті Абзал Іңкәр ;

ІI орынды ОШЖТҚО факультетінің студенті Алтынбекова Толқын;

ІІI орынды Техникалық факультетінің студенті Кеңес Жанар иеленді.