Басты бет / Есеп беру. Белбеу күресі секциясының 2023 жылдың ақпан айында атқарылған жұмыстары туралы
Есеп беру. Белбеу күресі секциясының 2023 жылдың ақпан айында атқарылған жұмыстары туралы

19 ақпанда "Есіл" өзенінде "Бұрқасын 2023" қысқы фестивалі өтті, қардың үстінде белбеу күресі бойынша жарыс өткізілді. Үш салмақ дәрежесінде біздің студенттер қарда күштерін өлшеді. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3 орынды техникалық факультеттің 2 курс студенті Қапезов Әділхан иеленді.

25 ақпанда Президенттік тесттер бойынша спортшылар арасында жарыс өткізілді: кермеде тартылу, орнынан ұзындыққа секіру және 3000 метрге кросс, онда белбеу күрестен ең мықты спортшылар анықталды.

Айдың әр жұмасында тәжірибе алмасу және шеберлікті арттыру мақсатында Астана қаласының жоғары оқу орындары және колледж студенттерімен күрес күні өткізілді. Күрес күндеріне Гумилев атындағы ЕҰУ мен Көлік және коммуникация жоғары колледжінің командалары қатысты.