Басты бет / Есеп беру белбеу күресі секциясының 2023 жылдың мамыр айында атқарылған жұмыстары туралы
Есеп беру белбеу күресі секциясының 2023 жылдың мамыр айында атқарылған жұмыстары туралы

Мамыр айында белбеу күресінен жоспар бөлімі бойынша алға қойылған міндеттер орындалды; 1) Аралас әдістерді үйрену 2) Қорғаныс әдістері мен қарсы тұру әдістерін жетілдіру, 3) Жылдамдық, күш және ептілік моторлық қасиеттерін жетілдіру. Күрделі және бәсекелес жекпе-жектер процесінде қарсы қимылдарды жүзеге асыруға көбірек көңіл бөлінді.

2023 жылғы 12-15 мамырда 7 студенттен құралған университет командасы  Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің «Арена» спорт кешенінде өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Тұңғыш төрағасы Марат Тұрдыбекұлы Оспановты еске алуға арналған белбеу күресінен Халықаралық турнирге қатысты.

Спортшылар келесі нәтижелерді көрсетті:

-82 кг. салмақта 3-орын. - Капезов Әділхан, техникалық факультетінің 2 курс студенті.

-100 кг. жоғары салмақта 3-орын. - Отынбаев Тагир, ЖРБСжД факультетінің 1 курс студенті.

 2023 жылғы 25-27 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған қаласында белбеу күресінен 2003-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

75 кг. салмақ дәрежесінде 2-орынға ие болған техникалық факультетінің 2 курс студенті Капезов Әділхан ағымдағы жылдың қазан айында Тәжікстан Республикасының Истаравшан қаласында өтетін жастар арасындағы Әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.

Қазіргі уақытта жарыстардан кейін спорт клубының жоспары бойынша 2023 жылға жоспарланған жарыстар алдындағы шәкірттеріміздің оқу-жаттығу дайындығы жалғасуда.