Басты бет / Есеп беру Грек-рим күресі секциясының 2023 жылдың мамыр айында атқарылған жұмыстары туралы
Есеп беру Грек-рим күресі секциясының 2023 жылдың мамыр айында атқарылған жұмыстары туралы

Мамыр айында грек-рим күресінің жоспар бөлімі бойынша алға қойылған міндеттер орындалды; 1) Жылдамдық, күш, ептілік мотор қасиеттерін жетілдіру. 2) Жедел және тартысты жекпе-жектер процесінде қарсы әдістерді орындауға көбірек көңіл бөлінді.

3) Қорғаныс техникасы мен қарсы әдістерді жетілдіру, аралас әдістерді оқу.

Бір ай ішінде әрбір оқу-жаттығу жиынында жаттығуға 10 минут қалғанда «Спорт залдары мен спорт алаңдарында қауіпсіздік техникасы» тақырыбында теориялық сабақ өткіземіз.

Айдың соңғы сенбісінде секцияға түсуге тілек білдірушілерді іріктеу және есепке алу бойынша бақылау нормативтерін қабылдау (кермеге тартылу, бір жерден ұзындыққа секіру, 100 метрге жүгіру және 3000 метрге жүгіру).

2023 жылы 18-19 мамыр аралығында Ә.Молдағұлова 27 мекен-жайындағы күрес залында Астана қаласының жоғары оқу орындары арасында жолдастық кездесу өтті.Достық кездесуде Гумилев атындағы ЕҰУ және ҚазҰТБ командалары болды. Спортшылар саны – 50 студент, оның ішінде 5 спорт шебері және 10 спорт шеберіне үміткер болды. Спортшылар жақсы жарыс тәжірибесіне ие болып, шеберліктерін шыңдады.

Қазіргі таңда спорт үйірмесінің жоспарына сәйкес 2023 жылға жоспарланған жарыстар алдында шәкірттеріміздің оқу-жаттығу дайындықтары жалғасуда.