Басты бет / 2023-2024 оқу жылы ұлттық ойын «Тоғызқұмалақ» үйірмесі бойынша баяндамасы (қараша 06-27-11-2023)
2023-2024 оқу жылы ұлттық ойын «Тоғызқұмалақ» үйірмесі бойынша баяндамасы (қараша 06-27-11-2023)

2023 жылдың 6 қарашасы мен 28 қарашасы аралығында Тоғызқұмалақ сабақтарын өткізді. Тоғызқұмалақ ұлттық ойын жоспары  бойынша әр сабақта  білім және  дағдыларын кеңейту, тұздық алу тәсілдері, қарсыластың отауына шабуыл жасау және жүрістердің дәлдігін есептеу жолдарын  қайталау бойынша жұмыс жасалды.

Әр ойыншының бір-біріне қарама-қарсы орналасқан 9 тесігі бар. Әр шұңқырдың өз аты бар: 1 – өнер, 2 – тектұрмас, 3 – атөтпес, 4 – атсыратар, 5 – бел, 6 – белбасар, 7 – қандықақпан, 8 – көкмойын, 9 – маңдай. Тақтада «қазан» деп аталатын тағы екі сақтау тесігі бар.

Келесі сабақта қандай тәсілдер бойынша жұмыс жасауымыз: Ойынды жазып ойнау тәртібі,  Комбинацияларды құру тәсілдерін жетілдіру, Топ аралық ойын өткізу  үйге тапсырма ретінде берілді.

Тоғызқұмалақ ұлттық ойынында студенттер үлкен ынтамен жаттығады.

Осы айда жатақханада жасайтын студенттер жастар арасында         Тоғызқұмалақ бойынша ең мықты команда және ойыншыларды анықтау бойынша жарыс ұйымдастырылды.

Қолдау үшін декан және декан  орынбасарлары қатысты.

1 орынға 5 жатақхана (2-ші командасы) студентері қол жеткізді,  жеңімпаздар 23-07 топ  студенті Нагашибаев Арсен, 23-12 топ студенті Мұратқызы Саяжан, 23-04 топ студенті Иманмәлік Жақсылық.

2 орынды 7 жатақхана студентері қол жеткізді,  жеңімпаздар 23-13 Қалдыбек Самат, 22-19 топ  студенті Канабек Зингали, 23-08 топ студенті Тынысбек Аружан иеленді.

3 орын 5 жатақхана (1-ші командасы) студенттері, 23-10 топ Дәрібай Аралбай, 23-09 топ Байдулиева Амина, 23-02 топ Рысқулов Нұртайға буйырды.

Жарыс студенттеріміз үшін өте қызықтыда, тартысты  өтті. Тәрбиелік мәні орасан зор.

«Тоғызқұмалақ» спорт турінен жаттықтырушы: Туленова  Х.Б.