Басты бет / Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменттің маусымашар концерті өтті
Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменттің маусымашар концерті өтті

Университет қабырғасы – білім алумен қатар, әр студенттің шығармашылығын, белсенділігін, дарындылығын шыңдауға мүмкіндік беретін орта.

Білім алушыларды шығармашылық үйірмелерге баулу мақсатында 2023 жылдың 27 қыркүйегі күні университетімізде Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменттің ұйымдастырумен 1-курс студенттеріне концерт өткізілді.

Бағдарламада «Ақжелкен» студенттік театрының көрінісі, «Шаттық» би ансамблі, «Шабыт» ұлттық аспаптар оркестрінің, вокал үйірмесінің шәкірттері мен жетекшілері өз өнерлерін көрсетті.

Жастарға көңіл бөлу мақсатында ұйымдастырылған шығармашылық кеш үшін студенттер департаментке алғыстарын білдірді.