Басты бет / Өндіріс мамандарын шақырумен 3-4 курс студенттеріне ашық дәрістер
Өндіріс мамандарын шақырумен 3-4 курс студенттеріне ашық дәрістер

2023 жылдың 12 сәуірінде «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы өндіріс мамандарын шақырумен 3-4 курс студенттеріне ашық дәрістер ұйымдастырды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ IT департаментінің бас сарапшысы, С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ түлегі Докучаев Дмитрий Вячеславович «IT және телекоммуникациялар саласындағы жұмыс» тақырыбында дәріс оқыды, желілік технологиялар саласындағы табысты жұмыс үшін әлемдік трендтер, перспективалар және қажетті құзыреттер туралы айтты. Ақпараттық қауіпсіздік департаментінің менеджері Әлібек Толубаев «Телекоммуникациядағы ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбында мастер-класс өткізді, хакерлердің түрлері, тарату желілері мен деректерді сақтау жүйелерінің осал тұстары туралы айтты.Кафедра студенттері мен оқытушылары жұмыс берушілердің сұранысы бойынша жұмыспен қамту және оқыту деңгейін арттырудың өзекті мәселелерін талқылауға белсенді қатысты. Бұл ретте студенттердің тәжірибеден өтуі, оқытушылардың тағылымдамадан өтуі және сарапшылар студенттерге оқуға ұсынған тақырыптарды білім беру бағдарламаларына енгізу мүмкіндіктері талқыланды.