Басты бет / «Жастар Рухы» ЖҚ өкілдерімен ашық диалог
«Жастар Рухы» ЖҚ өкілдерімен ашық диалог

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-нің 1 курс студенттерімен «Жастар Рухы» ЖҚ Астана қалалық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Сергей Матюшенко және «Жастар Рухы»  ЖҚ қалалық филиалының өкілі – Диас Бекетұлы кездесу өткізіп, «Жастар Рухы» Жастар қанаты жобасының жоспарлары мен істеген жұмыстары жөнінде студенттерге баяндап берді. Қазіргі таңда «Жастар рухы» жастар қанаты – көптеген ірі әлеуметтік, экологиялық, патриоттық, мәдени шаралар мен қайырымдылық бастамаларды жүзеге асырып жүрген ұйым.

Кездесу соңында студенттердің сұрақтарына жауап беріп, естелік суретке түсті. Кездесу қызықты әрі мазмұнды өтті.