Басты бет / «Қазақстан студенттер Альянсы» - Республикалық студенттік қозғалысы ҚБ-мен меморандумға қол қойылды
«Қазақстан студенттер Альянсы» - Республикалық студенттік қозғалысы ҚБ-мен меморандумға қол қойылды

2023 жылдың  1 қарашасында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Қазақстан студенттер Альянсы»  Республикалық студенттік қозғалысы  қоғамдық бірлестігімен студенттердің кездесуі өтті.

Іс-шараға Басқарма мүшесі, студенттер ісі жөніндегі проректор Ж. А. Құсайынова, декан орынбасарлары, барлық факультеттердің кураторлары мен студенттері қатысты. Кездесу барысында Ұ. А. Наукен  студенттерге уақытты тиімді басқару, қоғамдық белсенділік, жастардың өзін өзі дамытуы жайлы пікір алмасты. Әлеуметтік сипаттағы әртүрлі сұрақтар қозғалды. Студенттерге студенттер Альянсы және республика студенттерінің игілігі үшін атқарылып жатқан қызметтері туралы презентация көрсетілді.

Кездесу  соңында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің атынан Басқарма төрағасы-ректор Қ.М.Тіреуов және  Республикалық Студенттердің Альянсы атынан Ұ.А. Наукен өзара меморандумға қол қойды.