Басты бет / «Әлеуметтік желідегі алаяқтық» атты алдын алу кездесу өткізілді
«Әлеуметтік желідегі алаяқтық» атты алдын алу кездесу өткізілді

Агрономиялық факультеттің акт залында қыркүйек айының 15 күні  Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік желідегі алаяқтық» атты  тақырыпта С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 2 курс студенттері мен Астана қаласы  Сарыарқа аудандық полиция департаментінің қызметкерлері арасында кездесу өтті. Кездесуге Сарыарқа аудандық полиция департаментінің қызметкерлері, полиция майоры Қасенов Руслан Қайыржанұлы мен полиция капитаны Жүнісов Шахназар Ықыласұлы қатысып, қазіргі кезде Әлеуметтік желіде өршіп тұрған «Алаяқтық» қылмыс туралы жан-жақты мағлұмат бере келе, одан сақтанудың жолдары мен алдын-алу туралы толық баяндап берді.

Кездесуге топ студенттері, кураторлар мен кафедра оқытушылары қатысты.