Басты бет / Көп балалы аналарға көмек
Көп балалы аналарға көмек

2021 жылдың 10-20 желтоқсаны күндері аралығында «Көмек» еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Раиса Ана» мешітімен бірлесе отырып қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Бұл шараны ұйымдастырудың басты мақсаты көп балалы аналарға көмек көрсету еді. 

Студенттер әлеуметтік желілерарқылы көмек қорын ашып 97 065 (тоқсан жеті мың алпыс бес) теңге көлемінде қаржы жинап  2 көп балалы ананың отбасыларына азық-түлік, жеміс-жидек, тұрмыстық тауарлармен қамтамасыз етілді.

Көмек қолын созған студенттерге аналарымыз алғыстарын білдіріп, сәттілік тіледі.