Басты бет / «Green growth» клубы «500 түп жеміс ағашын отырғызу» акциясына атсалысты 24.10.2024
«Green growth» клубы «500 түп жеміс ағашын отырғызу» акциясына атсалысты 24.10.2024

Биыл елімізде Мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаевтың тапсырмасымен қолған алынған республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы бастау алғаны белгілі. Оның аясында әр аптада табиғатты аялау іс-шаралары өтуде.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлікте С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ұжымы 500 түп жеміс ағашын  отырғызу акциясын өткізді. 24 қазан күні Интернационал кентіндегі Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің алдына 500 түп жеміс ағаштарының көшеттері отырғызылды.  

Сенбілік басталар алдында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма мүшесі-операциялық мәселелер жөніндегі проректор С.Омаров пен AMANAT партиясы Бірлік аумақтық филиалының атқарушы хатшысы А.Біржанов жинаған қауымды еңбек мерекесімен құттықтап, ағаш егудің қоршаған ортаға пайдасы мен табиғатқа қамқорлық - ұлттық дәстүріміз екендігін тағы бір еске салды.