Басты бет / «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік концерт
«Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік концерт

Қарттар  күнін  С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде ерекше атап өту жақсы дәстүрге айналған.

Мереке қарсаңында, 27 қыркүйек күні Агрономиялық факультеттің акт залында «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Мерекелік шараға жиналған барша қауымды Басқарма мүшесі - студенттер ісі жөніндегі проректор Ж.А. Құсайынова құттықтап, университеттің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтып, оларға зор денсаулық, мейірім мен ұзақ ғұмыр тіледі.

Концертке мәдени-бұқаралық жұмыс жөніндегі департаменттің «Шабыт» ұлт-аспаптар оркестрі, «Шаттық» би ансамблі және Вокал клубының әншілері қатысты.