Басты бет / Басқарма төрағасы Қанат Маратұлы Тіреуов университеттің белсенді жастарымен кездесті
Басқарма төрағасы Қанат Маратұлы Тіреуов университеттің белсенді жастарымен кездесті

2022 жылдың 23 қарашасы күні Басқарма төрағасы Тіреуов Қанат Маратұлы университеттің белсенді жастарымен кездесу өткізді.

Бұл кездесу жастарға Басқарма төрағасымен еркін пікір-алмасуға, алдағы бес жылдықтағы университеттің даму бағытымен танысуға мүмкіндік берді.

Алдымен Басқарма төрағасы аграрлық салада білім алып жүрген студенттердің қашан да сұранысқа ие мамандар болатынына назар аударды. Сондықтан жастарға университетте сапалы білім алу мүмкіндіктері жасалатынын жеткізді. Студенттер үшін аграрлық бағыттағы әлемдік үздік университеттерде академиялық ұтқырлық бойынша тәжірибе алмасуға жол ашылатынын баяндап, жастарды үнемі ізденіп, шет тілдерін үйреніп, академиялық және шығармашылық бағытта өзін-өзі дамыту қажеттігін айтып өтті. 

Іс-шара барысында көптеген әлеуметтік сұрақтар талқыланып, ұсыныстар айтылды. Студенттер еріктілер қоғалысына қолдау жасауды, белсенді жастар үшін өзара идеялар алмасып, қоғамдық жұмыстарды талқылауда бас қосатын арнайы аудиториялар бөлуді, университеттің брендбук үлгісімен мерч жасауды, шығармашылық орталықта заманауи музыкалық аспаптармен қамтамасыз етуді, мәдени іс-шараларда қаржылай сыйақы тағайындауды, агрономиялық факультет ғимаратында орналасқан акт залын қазіргі талаптар деңгейінде күрделі жөндеуден өткізуді, спортшыларға қажетті жаттығу орындары мен арнайы формаларды жаңарту бойынша ұсыныстар жасады. Бірде бір сұрақ Басқарма төрағасының назарынан тыс қалмады.

Кездесу соңында Басқарма төрағасы ҚазАТУ брендін дамытып және университетке лайық имидж қалыптастырып отырған белсенді студенттерге алғысын білдірді.