Басты бет / Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

3 наурыз күні Энергетика факультетінің радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасының студеттерімен Университетіміздің комплаенс-қызметінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жетекшісі Қ.А. Токушев сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері және оның алдын алу жолдары туралы түсіндірді. 

Сонымен қатар, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының талаптарын сақтауға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, адалдықты және парасаттылық қағидаларын ұстануға шақырды. 

Студенттер сұрақтар қойып, белсенді пікір алмасты. 

Кездесу барысында Кенес Диас, Ирғаев Нұрдәулет және Бақытжанов Армат тақырыпқа қатысты өз сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды.