Басты бет / «SEIFULLIN - құрамасы» жүлделі орынға ие болды
«SEIFULLIN - құрамасы» жүлделі орынға ие болды

23 қараша күні Жастар сарайында КТК ойындарының Астана қалалық лигасының финалы өтті. Есен Елеукеннің ұсынысы бойынша өткізіліп жатқан арнайы жобаны ұйымдастырушы - Фурхат Құрбанов.

Біздің Университетіміздің намысын қорғаған «SEIFULLIN - құрамасы». Ойын 2 сайыстан тұрды: сәлемдесу және үй тапсырмасы. Әділқазылар алқасында Ғалым Махамбет, Рамазан Фаилов, Есен Елеукен және басқа да танымал жұлдыздар командаларды сынады.

Жобаға қатысқан командалар: Қазақ агротехникалық зерттеу университеті – «SEIFULLIN – құрамасы», Астана халықаралық университеті – AIU құрамасы, Еуразия ұлттық университеті – «Тұмар» командасы, Еркін құрама – «Квартет» командасы, Еркін құрама - «Элита», Қазақ ұлттық өнер университеті - «Шабыт» командасы, Тұран университеті «ТАУ» құрамасы.

Ойын нәтижелері бойынша SEIFULLIN құрамасы 2-орынға ие болды. Университеттің намысын қорғаған энергетикалық факультетінің студенттері  Аскеров Есберген, Сапарғали Диас, Оразай Мухаммад, Әміржан Еркебұлан және техникалық факультетінің студенті Тұрдыбай Нұрболат.

Келесі ойын 27 қараша Көкшетау қаласында «Болашақ» сарайында өтетін болады. Бұл ойында да Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің намысын SEIFULLIN құрамасы қорғайды.