Басты бет / "АМАNАТ" партиясының кубогына футбол жарысы өтті
"АМАNАТ" партиясының кубогына футбол жарысы өтті

2023 жылдың  20 қазаны күні  КАТЗУ студенттері арасында Республика күніне орай Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі  департаменті "АМАNАТ" партиясының "Сарыарқа" аудандық филиалымен бірлесіп футболдан турнир ұйымдастырды.

Іс-шараның ашылу салтанатында қалалық мәслихат депутаты Арсланбек Мағзұм, "Сарыарқа" аудандық филиалының атқарушы хатшысы Руслан Қонақбаев сөз сөйлеп, турнир қатысушыларына табыс тіледі. Турнирге Студенттер  ісі жөніндегі проректор Ж.А. Құсайынова, спорт клубының мүшелері, ЖІЖК және факультеттердің жанкүйерлері қатысты.

Ойын қорытындысы бойынша 1 орынды КЖжКББ факультетінің командасы, 2 орынды Экономика факультеті, 3 орынды Энергетикалық факультетінің командасы иеленді. Командалар кубоктармен және алғыс хаттармен марапатталды.