Басты бет / «Мисс ҚазАТУ – 2022» байқауы өтті
«Мисс ҚазАТУ – 2022» байқауы өтті

2022 жылы 3 мамыр күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Жастар саясаты жөніндегі департаменті және «Сымбат» қыздар клубының ұйымдастырумен «Мисс ҚазАТУ – 2022» факультетаралық байқауы өтті.

Байқауға университеттің 9 ару қызы қатысты. Ақылы мен көркі жарасқан сұлуларымыз таныстыру, интеллектуалдық сұрақтар, этно биі және кешкі көйлекпен сән көрсету номинациялары бойынша бақ сынады.

 Арулардың әсемдігі мен көркемдігін, тапқырлығы мен білгірлігін «ҚазАТУ түлектер клубының» төреағасы Майер А.В. , блогер Ж.Жуманова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері,әнші Г.Оразымбетова ,«Міss Europe continental-2022» байқауының жеңілпазы А.Абилкадирова,«Eco group»компаниясының бастығы,бизнесвумен С.Туленгутова, «ММ» өнер-білім орталығының директоры М.Мұқанова, «Fashion Provocation» модельдік агенствасының директоры-Н.Сергеевна, жеке кәсіпкер,университет түлегі-С.Талғатұлы және Жастар саясаты департаментінің директоры-А.Ахметов  бағалады.

Сондай-ақ, «ҚазАТУ түлектер» клубы, «О россо» монша кешені, «Теньговка» караоке клубы және  «Sculptor-центр» табиғи жасару кешені байқауға демеушілік көрсетті.

Сайыстың қорытындысы бойынша, «Мисс ҚазАТУ – 2022» титулы КЖжКББ факультетінің аруы Ғ.Атабаеваға бұйырды. «І Вице Мисс – ҚазАТУ» титулын экономикалық факультетінің аруы А.Рашидова иеленсе, «ІІ Вице Мисс – ҚазАТУ» титулына экономикалық факультетінің аруы В.Соколова лайық деп танылды. «ІІІ Вице Мисс – ҚазАТУ» титулын агрономиялық факультетінің аруы Қ.Нармаханова еншіледі.

«Мисс Стиль» номинациясын ОШЖТжҚО факультетінің студенті Г.Канапина, «Мисс Очарование» номинациясын ВжМШТ факультетінің студенті А.Балгожина , «Мисс Привлекательность» номинациясын техникалық факультетінің студенті Н.Құсайн, «Мисс Грация» номинациясын ВжМШТ факультетінің студенті Р.Бейсенбаева, , «Мисс Харизма»номинациясын ЖРБСжБ факультетінің студенті К.Джангазиева «Көрермендер көзайымы» номинациясын әлеуметтік желіде онлайн дауыс жинау бойынша  титулы КЖжКББ факультетінің  студенті Ғ.Атабаева , иеленді.

Қатысушыларға диплом, гүл шоқтары мен қаржылай сыйақы табысталды.

Кеш соңында М.А.Викторвич 9 қызға  «ҚазАТУ түлектер» клубының атынан қаржылай сыйақы  табыстады. С.Туленгутова жеңілпаз қыздарға «Теньговка» караоке клубына сертификаттар ұсынса, Г.Оразымбетова ВжМШТ факультетінің студенті А.Балгожина өзінің сахналық көйлегін сыйға берді. Н.Сергеевна барлық қатысушы аруларымызға  «Fashion Provocation» модельдік агенствасына сертификаттар табыстады.