Басты бет / «Интеллектуалды дамытуды оқыту, оның маңыздылығы мен қажеттілігі» тақырыбында семинар-тренинг өтті
«Интеллектуалды дамытуды оқыту, оның маңыздылығы мен қажеттілігі» тақырыбында семинар-тренинг өтті

2022 жылдың 19 қазаны күні сағат 16.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Интеллектуалды дамытуды оқыту, оның маңыздылығы мен қажеттілігі» тақырыбында тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасарлары, кураторлар, студенттік кеңес және жатақхана коменданттары үшін семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Тренингті халықаралық «Ментальды-ағарту» орталығының Қазақстан Республикасындағы өкілі, орталықтың директоры Со Зин Ук өткізді.

Семинар-тренингте ерекше ойлау қабілеті бар адамдардың адамзат өркениеті мен қоғамның дамуына ықпал етуі, ойлау қабілетін жетілдірудің маңызы сияқты өзекті ақпараттар талданды. Тыңдаушыларға ойлау қабілетін жетілдіру жолдарына қатысты кеңестер берілді.