Басты бет / «Ойлау қабілеті арқылы жаңа әлемді ашу» тақырыбында семинар- тренинг өтті
«Ойлау қабілеті арқылы жаңа әлемді ашу» тақырыбында семинар- тренинг өтті

2022 жылдың  17  ақпаны күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Ойлау қабілеті арқылы жаңа әлемді ашу» тақырыбында экономикалық, энергетикалық факультетінің студенттері үшін семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Тренингті халықаралық «Ментальды-ағарту» орталығының Қазақстан Республикасындағы өкілі, орталықтың директоры Ким Сон Гу өткізді.

Семинар-тренингте ерекше ойлау қабілеті бар адамдардың адамзат өркениеті мен қоғамның дамуына ықпал етуі, ойлау қабілетін жетілдірудің маңызы сияқты өзекті ақпараттар талданды. Студенттерге  ойлау қабілетін жетілдіру жолдарына қатысты кеңестер берілді.

Кездесу соңында студенттер тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, алғыстарын білдірді.