Басты бет / «Қиындықтарды жеңе алатын күшті жүрек» тақырыбында тренинг өтті
«Қиындықтарды жеңе алатын күшті жүрек» тақырыбында тренинг өтті

2022 жылдың 8 маусымы күні Жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен Халықаралық зияткерлікті дамыту институтының директоры, Корея Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару инновациялық оқыту бағдарламаларын жасаушы, MIND халықаралық «Tomorrow» журналының журналисі, профессор Джо Гю Юнмен «Қиындықтарды жеңе алатын күшті жүрек» тақырыбында тренинг өтті.

Семинар тренингте профессор Джо Гю Юн студенттерге басқа адамдармен қарым-қатынас жүйесін құру, ынтымақтастық дағдылар, қиындықтарды жеңуге байланысты дағдылар, сондай-ақ төзімділік пен эмпатия сияқты қасиеттеді арттыру туралы айтып, өз-өзіне құрметпен қарауға, бір-біріне сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған бейне роликтер көрсетті.