Басты бет / «Көмек» еріктілер ұйымының қайырымдық акциясы өтті
«Көмек» еріктілер ұйымының қайырымдық акциясы өтті

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттерінен құралған «Көмек» еріктілер ұйымы 2023 жылдың 7 қазаны күні Қарттар үйінде «Қарттарым-асыл қазынам» атты акцияны ұйымдастырды. Еріктілер ұйымының белсенділері қарттар үйіне барып, концерттік бағдарламалар мен түрлі әлеуметтік көмек көрсетті.

Бұл акцияның мақсаты: қарияларға көмек қолын созып, қамқорлық жасап, көңіл-күйлерін көтеріп, құрмет көрсету болатын.