Басты бет / «Некені жоспарлау және отбасын құру» тақырыбында кездесу өтті
«Некені жоспарлау және отбасын құру» тақырыбында кездесу өтті

2022 жылдың 4 қарашасы күні сағат 15.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Некені жоспарлау және отбасын құру» тақырыбында дәріс өткізілді.

Кездесуге ҚАТУ студенттері, факультеттердің декан орынбасарлары қатысты. Дәрісті психолог, отбасылық және гендерлік мәселелер бойынша маман Төлетаева Бақытгүл Ерғалиқызы оқыды.

Қатысушыларға некені жоспарлау, отбасылық құндылықтарды дамыту және нығайту, ата-ананың беделін арттыру туралы пайдалы ақпарат берілді. Кездесу барысында студенттер тақырыпты талқылауға белсенді қатысты.