Басты бет / "Жастар арасындағы жемқорлықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында кездесу өтті
"Жастар арасындағы жемқорлықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында кездесу өтті

2022 жылдың 14 сәуірі күні "Жастар арасындағы жемқорлықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу" Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен тақырыбында  кездесу өтті.

Кездесуге ІІД қызметкері, полиция капитаны А.Бескембирова, Жастар саясаты департаментінің директоры Ә.Ахметов және ҚазАТУ – дың ОШЖТжҚО мен ЖРБСжД  факультетінің студенттері  қатысты.

Кездесуде А.Бескембирова тақырып аясында ашық алаң құрып, студенттерге жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша ақпарат беріп, оған қоса құқықтық сауатты ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі қоғамның басты талабы екенін түсіндірді. Тақырып бойынша қысқаша мәліметтер беріліп, бейне баяндар көрсетілді.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.