Басты бет / ҚАТЗУ-да КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР КЛУБЫНЫҢ ойыны өтті
ҚАТЗУ-да КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР КЛУБЫНЫҢ ойыны өтті

2023 жылдың 26 қазаны күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде факультетаралық КТК ойындары өтті.

Кеш қонақтары – Алматы қаласының «Космос» КВН командасы, «АИУ» КВН командасы және «Сейфуллин» командасы сайыстан тыс ойындарын  көрсетті.

Іс-шараға Студенттер ісі жөніндегі проректор Ж.А.Құсайынова, декан орынбасарлары, мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департамент мамандары және факультет студенттері қатысты.

Әділқазылар алқасы құрамында:

Алмас Нұртаза– КВН жоғары лигасының чемпионы, әртіс, автор, сценарист;

Нұрдәулет Сейтомаров – «Алатау» СУ командасының капитаны;

Ақылбек Ахметов– «Не кипишуй!» КВН командасының авторы, көптеген Жайдарман лигаларының редакторы;

Шұға Рақымберді – ҚАТИУ Жастар ісі жөніндегі комитетінің аға менеджері.

КТК ойынның қорытындысы:

Орыс тілді лигада I орынды - КЖжКББ факультеті, І І орынды-  экономика факультеті иеленді.

Қазақ тілді лигада І орынды № 2А жатақханасының «Матриархат» командасы, ІІ орынды Агрономия факультетінің «АЛАН» командасы, ІІІ орынды энергетикалық факультетінің «ЭНЕРГО» командасы иеленді.

КТК қатысушыларына дипломдар мен кубоктар табыс етілді.