Басты бет / «Қарттар-асыл қазынамыз» атты іс-шарасы өтті
«Қарттар-асыл қазынамыз» атты іс-шарасы өтті

2021 жылдың 1-4 қазаны күндері аралығында «Көмек» еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен «Қарттар- асыл қазынамыз» атты акциясы өтті.

Шарамыздың мақсаты қарттар үйіндегі ардагерлермен жүздесіп, көмек көрсету болатын.

Шара Нұр-Сұлтан қаласы Морозова 39 адресінде орналасқан «Сенім Көмек» мейіргерлік күтім орталығ ында өтті.

Шара барысында студенттер ардагерлеріміздің бөлмелеріне, орталықтың ауласына санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, қарттарымыздың гигиеналық тазалықтарына да көңіл бөліп, шомылдырып, қызықты әңгімелер айтып, бір айлық азық түліктерін беріп қайтты.

Шара соңында риза болған қарттарымыз студенттердің болашағына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.