Басты бет / ҚАТЗУ-ның белсенді жастары марапатталды
ҚАТЗУ-ның белсенді жастары марапатталды

С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-да 2023-2024 оқу  жылының І-жартыжылдығын  қорытындылай отырып, Студенттік Парламенттің ұйымдастырумен белсенді жастарды марапаттау рәсімі өтті.

Факультет декандарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен университеттің белсенді студенттері Ректордың атынан алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, алғыс хат Жастар ісі жөніндегі комитеттердің, Студенттік жатақханалардың төрағалары мен төрайымдары, ұйымдар мен клубтардың жетекшілері, шығармашылық үйірмелердің мүшелері және көңілді тапқырлар клубының ойыншыларына табысталды.    

Марапаттау рәсімін Басқарма мүшесі-Студенттер ісі жөніндегі проректор Ж.А.Құсайынова өткізді.

Салтанатты шараның соңы мерекелік концертпен жалғасты.