Басты бет / «Ақша - биліктің бір түрі, бірақ қаржы сауаты одан да құдіретті күш» тақырыбында онлайн-курс өтті
«Ақша - биліктің бір түрі, бірақ қаржы сауаты одан да құдіретті күш» тақырыбында онлайн-курс өтті

2021 жылдың 23-26 желтоқсаны  күндері «Бизнес және кәсіпкерлік» клубының ұйымдастыруымен «Ақша - биліктің бір түрі, бірақ қаржы сауаты одан да құдіретті күш» тақырыбында шағын онлайн-курсөткізілді.

Онлайн-курс 4 бөлімнен тұрды:

Қатысушыларды тіркеу;

Курстың қысқаша жоспарымен таныстыру;

Ақпараттармен бөлісу;

Кері байланыс.

Онлайн курс барысындаWhatsApp қосымшасы арқылы қатысушыларға қаржылық сауаттылық туралы ақпараттар жіберілді.Курста қаржылық сауаттылықтың не екендігі және оны күнделікті өмірде қалай пайдалануға болатындығы жайлы түсіндірілді.

Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кері байланыс жасап қанағаттанарлық жауап алды.