Басты бет / Ар-намыс кодексімен таныстыру жұмыстары жүргізілді
Ар-намыс кодексімен таныстыру жұмыстары жүргізілді

2022 жылдың 01-18 ақпаны аралығында Жастар саясаты департаменті университетттің 1 курс студенттеріне Ар-намыс кодексімен таныстыру айлығы аясында түсіндіру жұмысын жүргізді.

Бұл жұмысты Басқарма төрағасының жастар саясаты және әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары Ж.А.Құсайынова, Жастар саясаты департаментінің директоры Ә.М.Ахметов, Жастар саясаты департаментінің менеджері М.Ж.Шолықбаева, Шығармашылық дамыту орталаығының директоры Д.Е.Умаров, педагог-психологтар М.Г.Бөкеева, Б.Дүйсенбайқызы және теолог Е.Зайтханұлы ұйымдастырды. Оған университеттің барлық  1 курс студенттері қатысты. Жалпы 1 курс бойынша 2582  студенттер қамтылды.

Студенттерге университеттің Ар-намыс кодексі мен ішкі тәртіп ережелері туралы айтылды. Сондай-ақ, қатысушыларға слайдтар көрсетіліп, ақпараттар берілді.

Студенттер көптеген мағлұматтар алып, сұрақтарына жауап алды.