Басты бет / Ар-намыс кодексімен таныстыру жұмыстары жүргізілді (КЖжКББ факультеті)
Ар-намыс кодексімен таныстыру жұмыстары жүргізілді (КЖжКББ факультеті)

2022 жылдың 19-23 қыркүйегі аралығында Жастар саясаты департаменті КЖжКББ факультетінің 1 курс студенттеріне Ар-намыс кодексімен таныстыру жұмысын жүргізді.

Бұл жұмысты Жастар саясаты департаментінің директоры Ә.М.Ахметов, Жастар саясаты департаментінің бас менеджері Л.А. Тулемисова, Шығармашылық дамыту орталығының директоры Д.Е.Умаров, Жастар саясаты департаментінің менеджері М.Ж. Шолықбаева ұйымдастырды. Жалпы 200 студент қамтылды.

Студенттерге университеттің Ар-намыс кодексі мен ішкі тәртіп ережелері туралы айтылды. Сондай-ақ, қатысушыларға слайдтар көрсетіліп, университет жетістіктері туралы ақпараттар берілді.

Студенттер көптеген мағлұматтар алып, сұрақтарына жауап алды.