Басты бет / Ар-намыс кодексімен таныстыру жұмыстары жүргізілді (ЖРБСжД факультеті)
Ар-намыс кодексімен таныстыру жұмыстары жүргізілді (ЖРБСжД факультеті)

2022 жылдың 26 қыркүйегі мен 7 қазаны аралығында Жастар саясаты департаменті ЖРБСжД факультетінің 1 курс студенттеріне Ар-намыс кодексімен таныстыру жұмысын жүргізді.

Бұл жұмысты Жастар саясаты департаментінің директоры Ә.М.Ахметов, Жастар саясаты департаментінің бас менеджері Л.А. Тулемисова, Шығармашылық дамыту орталығының директоры Д.Е.Умаров, Жастар саясаты департаментінің менеджері М.Ж. Шолықбаева ұйымдастырды. Жалпы 500 студент қамтылды.

Студенттерге университеттің Ар-намыс кодексі мен ішкі тәртіп ережелері туралы айтылды. Сондай-ақ, қатысушыларға слайдтар көрсетіліп, университет жетістіктері туралы ақпараттар берілді.

Студенттер көптеген мағлұматтар алып, сұрақтарына жауап алды.