Басты бет / Ар-намыс кодексімен таныстыру жұмыстары жүргізілді
Ар-намыс кодексімен таныстыру жұмыстары жүргізілді

 

2022 жылдың 14-18 наурызы аралығында Жастар саясаты департаменті техникалық және ЖРБСжД факультеттерінің 2 курс студенттеріне Ар-намыс кодексімен таныстыру жұмысын жүргізді.

Бұл жұмысты  Жастар саясаты департаментінің директоры Ә.М.Ахметов, Жастар саясаты департаментінің менеджері М.Ж.Шолықбаева, Шығармашылық дамыту орталығының директоры Д.Е.Умаров ұйымдастырды. Жалпы 2 факультет бойынша 1200 студент қамтылды.

Студенттерге университеттің Ар-намыс кодексі мен ішкі тәртіп ережелері туралы айтылды. Сондай-ақ, қатысушыларға слайдтар көрсетіліп, университет жетістіктері туралы ақпараттар берілді.

Студенттер көптеген мағлұматтар алып, сұрақтарына жауап алды.