Басты бет / Басқа ЖОО – дан ауысып келген студенттерді Ар – намыс кодексімен, ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді
Басқа ЖОО – дан ауысып келген студенттерді Ар – намыс кодексімен, ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді

2023 жылдың 16 қаңтары күні Жастар саясаты департаменті басқа ЖОО – дан ауысып келген студенттерді Ар – намыс кодексімен, ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру жұмыстарын жүргізді.

Студенттермен кездесуді жастар саясаты департаментінің директоры  Ә.М. Ахметов өткізді, ол презентациялық слайдтар дайындап, университеттің тарихы мен жетістіктері туралы айтты.

Кездесу барысында студенттерге Ар-намыс кодексі және университеттің ішкі тәртіп ережелері туралы толық ақпарат берілді.