Басты бет / «Референдум арқылы конституциялық заңға енгізілетін өзгерістердің мақсаты» тақырыбында түсіндіру жұмысы өтті
«Референдум арқылы конституциялық заңға енгізілетін өзгерістердің мақсаты» тақырыбында түсіндіру жұмысы өтті

2022 жылдың 1 маусымында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде техникалық факультетінің студенттері үшін «Референдум арқылы конституциялық заңға енгізілетін өзгерістердің мақсаты» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Студент-жастарға Жаңа Қазақстан құруда Конститутцияға енгізілетін өзгерістердің қажеттігі түсіндірілді. Жалпы 33 бап бойынша өзгерістер қамтылатыны айтылып, олардың мазмұны жеке-жеке талданды. Кездесу соңында спикерлер жастарды осындай тарихи сәтте азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруден қалыс қалмауға шақырды.