Басты бет / «Республикалық референдум туралы» тақырыбында түсіндіру жұмысы өтті
«Республикалық референдум туралы» тақырыбында түсіндіру жұмысы өтті

2022 жылдың 31 мамырында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде техникалық факультетінің студенттерімен «Республикалық референдум туралы» тақырыбы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Спикерлер референдумның маңызын талдай отырып, бұл тарихи сәтті «ірі қоғамдық-саяси бетбұрыс» деп бағалады. Өзгерістер жасалатын баптар сараланып, олардың мазмұны жеке-жеке түсіндірілді. Кездесу соңында спикерлер студенттерді ҚР азаматтарының Конститутциялық құқығына сәйкес дауыс беруге қатысуға шақырды.