2026 жылғы 24 маусымда «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ базасында «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ жанындағы «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша РОӘК Оқу-әдістемелік бірлестігінің және «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ жанындағы «Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша)» бағыты бойынша РОӘК Оқу-әдістемелік бірлестігінің «Практикаға бағдарланған тәсіл, нейрожелілерді интеграциялау және оқытуды дараландыруға негізделген педагог кадрларды даярлаудың заманауи моделі» тақырыбындағы кеңейтілген көшпелі отырысы өтті.
Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, салалық мемлекеттік органдардың өкілдері, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен ғалымдары, білім беру ұйымдарының мамандары, білім басқармаларының қызметкерлері, жұмыс берушілер, стейкхолдерлер, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ білім беру саласының сарапшылары қатысты.
Кеңейтілген көшпелі отырыстың модераторы болып Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Нарбекова Бану Мұқатайқызы болды.
Отырысқа қатысушыларды құттықтау сөздерімен қарсы алғандар:
-Джарасова Гульжан Сагидуллаевна - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінің төрағасы;
-Рамазанова Қарлығаш Айтбайқызы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінің төраға орынбасары
- Тіреуов Қанат Маратұлы – «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры
-Қарамбаев Жомарт Петрович – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Төрағасы орынбасары;
- Тілеп Болат Анапияұлы – «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры.
Кеңейтілген көшпелі отырыс барысында педагогикалық білім беру жүйесін трансформациялаудың негізгі бағыттары жан-жақты талқыланды. Қатысушылар білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын енгізу, оқытуды дараландыру, педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру және практикаға бағдарланған оқытуды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Негізгі баяндамалармен келесі спикерлер сөз сөйледі:
-«Педагогикалық жоғары оқу орындары қызметін қайта форматтау жағдайындағы педагогикалық білім беруді дамыту тұжырымдамасы: сын-қатерлер мен перспективалар»
Нарбекова Бану Мұқатайқызы – «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ Академиялық қызмет жөніндегі проректоры;
-«Педагогикалық тәжірибеден кәсіби қызметке дейін: тәлімгерлік жобаның рөлі»
Шүкіров Асхат Ералыұлы -«Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры;
-«Жасанды интеллект көмегімен оқытуды дараландыру және сабақты жобалау: педагог кадрларды даярлаудың жаңа моделі»
Абильякимова Аида Қуандыққызы -Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының Стратегия және талдау орталығының бас сарапшысы.
Секциялық отырыстар аясында педагог кадрларды даярлау сапасын бағалау, түлектердің мектеп білімін дамытуға қосқан үлесін анықтау және педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын аккредиттеу тетіктерін жетілдіру мәселелері қарастырылды.
Баяндамалармен:
-«Педагог кадрларды даярлау сапасын және түлектердің мектеп білімінің дамуына ықпалын кешенді бағалау әдістемесі (педагогикалық жоо-лардың prl /s-prl әдістемесі)»
Жуманкулова Еркин Нурсагатовна-«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ Әлеуметтік даму және студенттер ісі жөніндегі проректоры
-«Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын аккредиттеудің жаңа тәсілдері»
-Джарасова Гульжан Сагидуллаевна - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінің төрағасы;
-Карлыгаш Женисовна Сакенова -Қазақстан Республикасы ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитетінің Сыртқы бағалау және талдау басқармасының басшысы;
-Жетписбаева Бахытгуль Асылбековна- Astana IT University профессоры;
-Яновская Ольга Алексеевна-“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” (АРТА) коммерциялық емес мекеме өкілі.
Отырыс қорытындысы бойынша педагог кадрларды даярлаудың практикаға бағдарланған моделін одан әрі дамытуға, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, заманауи цифрлық технологиялар мен білім сапасын бағалау құралдарын енгізуге, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ұсынымдар қабылданды.
Іс-шара соңында оқу басылымдарына РОӘК ОӘБ грифін беру мәселелері қарастырылды.
Аталған мәселе бойынша:
-Есекешова Марал Дүйсенейқызы – «Кәсіптік оқыту (бейіні бойынша)» бағыты бойынша РОӘК Оқу-әдістемелік бірлестігі төрағасының орынбасары;
-Жүсіпова Жанна Азатқызы – Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің ғалым хатшысы баяндама жасады.
Өткізілген отырыс академиялық қауымдастық, мемлекеттік органдар және сарапшылық ұйымдар өкілдері арасындағы кәсіби диалог пен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналып, Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білім беру жүйесін одан әрі дамытуға өз үлесін қосты.





Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.