Басты бет / Бірінші курстықтарды студенттік ортаға бейімдеу бойынша
Бірінші курстықтарды студенттік ортаға бейімдеу бойынша

Университетіміздің Мәдени-бұқаралық жұмыстар жөніндегі департаменті ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінен бастап, бірінші курс студенттерін «Ар-намыс кодексімен» таныстыру жұмыстарын бастады. Университеттің ішкі тәртіп ережелері әр академиялық топқа жеке-жеке  түсіндірілуде.

Сондай-ақ, білім алушыларға слайдтар көрсетіліп, университетіміздің жетістіктері, алдағы мақсаттары, дамуы туралы жан-жақты ақпараттар берілуде. Студенттер қызықтырған сұрақтарын қойып,оған  тиісті жауаптарын алуда.