Басты бет / Зорлық-зомбылыққа қарсы республикалық акциясы
Зорлық-зомбылыққа қарсы республикалық акциясы

Астана қаласы Полиция департаментінің «Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау» тобының қызметкерлері полиция капитаны А.М.Даркембаева, полиция капитаны Д.Ж.Тайғожина және Қазақстандық қоғамдық даму институтының қызметкері А. Дүйсенова «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы аясында 5 желтоқсан күні университетіміздің техникалық факультетінің 4-ші курс студенттері үшін зорлық-зомбылықтың  алдын алу  бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кездесу  барысында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын ала алды.