Басты бет / «Жастарға шағын несие беру» атты семинар
«Жастарға шағын несие беру» атты семинар

2023 жылдың 28 сәуірі күні Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жастарға шағын несие беру» атты семинары өтті.

Кездесуге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілі С.К.Қосымов, Астана қаласының Маслихат депутаты А.Т.Мағзұм қатысты.

Семинар барысында студент жастар арасында несиелеу бағдарламасы толық түсіндірілді. Сонымен қатар несиені қалай алуға болатынын және жастарды шағын несиелеумен қалай қамтамасыз ететіндігі туралы сұрақтар талқыланды.