Басты бет / Мақсат, талапшылдық-бақытқа жетудің алғы шарттары» тақырыбында семинар тренинг
Мақсат, талапшылдық-бақытқа жетудің алғы шарттары» тақырыбында семинар тренинг

2022 жылдың  10 наурызы күні Жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Мақсат, талапшылдық-бақытқа жетудің алғы шарттары» тақырыбында жатақхананың медиаторларымен және КЖжКБ факультетінің 1 курс студенттері үшін семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Тренингті халықаралық «Ментальды-ағарту» орталығының Қазақстан Республикасындағы өкілі, орталықтың директоры Ким Сон Гу өткізді.

Семинар-тренингте студенттер «бақыт» ұғымының терең мән - мағынасымен танысты. Жастар арасында мұндай түйткілді тақырыптарды көтеріп отырудың маңызы айрықша.

Семинар тренингте бақытқа жетудің баспалдақтары болып табылатын, мақсат қою, жаңаша ойлау идеялармен бөлісу, кедергілерге төтеп беру, өз мақсатына жету сияқты бірнеше баспалдарқтарын талдап, сұрақтар қойып, тақырыпқа сай кеңестер берілді.