Басты бет / «Бақытты өмірдің кілті» тақырыбында семинар тренинг
«Бақытты өмірдің кілті» тақырыбында семинар тренинг

2022 жылдың  25  ақпаны күні Жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Бақытты өмірдің кілті» тақырыбында ВжМШТ факультетінің студенттері үшін семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Тренингті халықаралық «Ментальды-ағарту» орталығының Қазақстан Республикасындағы өкілі, орталықтың директоры Ким Сон Гу өткізді.

Семинар-тренингте студенттер «бақыт» ұғымының терең мән - мағынасымен танысты. Жастар арасында мұндай түйткілді тақырыптарды көтеріп отырудың маңызы айрықша.

Бақытқа жетудің баспалдақтары болып табылатын, мақсат қою, жаңаша ойлау идеялармен бөлісу, кедергілерге төтеп беру, өз мақсатына жету сияқты бірнеше баспалдарқтарын талдап, сұрақтар қойып, тақырыпқа сай кеңестер берілді.