Басты бет / «Қарым - қатынас» тақырыбында семинар- тренинг
«Қарым - қатынас» тақырыбында семинар- тренинг

2023 жылдың  1 ақпаны күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Қарым - қатынас» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Тренингті халықаралық «Ментальды-ағарту» орталығының Қазақстан Республикасындағы өкілі, орталықтың директоры Со Зин Ук өткізді. Кездесуге «Алтын банк» АҚ – ның Басқарма төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев, академиялық топ кураторлары және университет студенттері қатысты.

Тренингтің негізгі қағидаты-белсенді қарым-қатынас стилін игеру; тиімді қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру; сенімді қарым-қатынас стилін қалыптастыру; айналадағы адамдарды түсіну дағдыларын пысықтау.

Адамдардың бір – бірімен қарым-қатынасы өте күрделі және нәзік процесс. Қарым-қатынастағы тиімсіздік белгілі бір қарым-қатынас қабілетінің толық немесе ішінара болмауына байланысты болуы мүмкін, мысалы, белгілі бір жағдайда өзін-өзі басқару және өзін-өзі ұстау.

Кездесу соңында студенттер тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, келген қонақтарға алғыстарын білдірді.