Басты бет / «Макулатура жинап, ағашты сақта» 06.03.2025 ж
«Макулатура жинап, ағашты сақта» 06.03.2025 ж

Экологиялық ұйым студенттері экологиялық бұрыш қалыптастыру мақсатында, макулатура жинауға арналған қораптар жасады. Қорап сыртына макулатураға байланысты сөздер және суреттер жапсырылды. Бұл іс-шара оқу орнымызды толық қамтуы үшін, қораптар әр корпусқа жеке қойылды. Әр ай сайын ұйым мүшелері қораптарды тексеріп, жиналған қағаздарды макулатураға тапсырып отырады. Түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалатын болады.

 

https://www.instagram.com/reel/DDXmjF5IKUH/?igsh=b255YTR4NG03dDBm