Басты бет / «SU football league» мини футболдан жарысы
«SU football league» мини футболдан жарысы

ҚазАТЗУ-да Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «SU football league» мини футболдан жарысы өтті. Факультетаралық, студенттік жатақханалардың құрамалары және студенттік ұйымдар арасында өткен футболдың басты мақсаты жастар арасында қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Қызу тартыс нәтижесімен турнирда бірінші орынды техникалық факультеті, екінші орынды 7 - жатақхана еншілесе, үшінші орынды 8 - жатақхана иеленді.

Ойын өте жоғары деңгейде өтті. Жастар саясаты департаментінің директоры Әділет Мырзаханұлы сөз сөйлеп мини футболдан жарыстың аяқталуымен құттықтай отырып, барша қатысқан командаларға үлкен алғысын білдірді.